Алматы облысында карантиндік шараларды күшейтілді

882

Шектеулер эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша енгізілді. 

Алматы облысында карантиндік шараларды күшейтілді

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қаулысы бойынша 24 маусымнан бастап өңірде жиналыстар, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын және 50-ден астам отыратын жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады. Сауда, ойын-сауық орталықтарының, діни объектілердің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, балалардың бос уақыты мен қосымша оқыту орындарының, балалардың түзету кабинеттерінің және меншіктің барлық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тоқтатылады. 

Бұған қоса стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады. Сондай-ақ 
МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады. 

Өңірде ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және т.б.) жұмысы онлайн форматқа ауысады. Онлайн-форматта қарастырылмаған қызметтер алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен, жұмыс кестесімен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу