Алматы облысында карантиндік шектеулер жалғасады

572

Қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады.  

Алматы облысында карантиндік шектеулер жалғасады

Бұл туралы Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов хабарлады.
Талаптар бойынша өңірде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.

Ал келесі нысандардың қызметі бұрынғыша тоқтап тұр:

- 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана,
кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
- 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;
- ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалары);
- оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
- ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар.

Жаңа қаулы 22 қарашада сағат 7:00-ден бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу