Алматы облысында қарулы адам полицияға оқ атқан

281

Ұсталған адам мас күйде болған.

Алматы облысында қарулы адам полицияға оқ атқан Фото: видео скриншот

Алматы облысында қарулы адам полицияға оқ атқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан.

Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады. Ұсталған адам мас күйде болған.

Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар деп танылды. Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу