Алматы облысында кәсіпкерлерден пара алған мониторинг тобы ұсталды

1056

Күдіктілер Талдықорған әкімдігінде лауазымды қызмет атқарған.

Алматы облысында кәсіпкерлерден пара алған мониторинг тобы ұсталды

Алматы облысында кәсіпкерлерден 20 мың – 270 мың теңге көлемінде пара алып отырған мониторинг тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қарамағындағы маманмен келісіп, адам көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан мейрамхана өкілдерінен, саудагерлерден 20 мың – 270 мың теңге аралығында пара алып отырған. Осылайша, олар кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершіліктен босатқан.

Сондай-ақ пара берген мейрамханалардың 5 әкімшісі карантин кезінде іс-шара ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

"Лауазымды қызметкерлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қаралып жатыр. Тергеу жалғасуда", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу