Алматы облысында кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды

1071

Алматы облысында кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Алматы облысныың кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігер үйымның басшысын ұстады. Күдіктілер жемқорлықтың аса ауыр түрін жасады деген айыппен қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Басқарма басшысы ЖШС басшысынан бұрын келісілген 90 млн теңгенің бір бөлігін, яғни 33 500 долларын пара күйінде алған. Әу баста келісімге сәйкес 666 млн теңгенің 15% алмақ болған. Бұл жерде облыс аумағындағы нысан құрылысы бойынша ЖШС-ны мемлекеттік тапсырыс жұмыстары бойынша конкурста жеңімпаз атанып, нысанда орындалған жұмыстың көлемін кедергісіз қабылдау үшін пара берілген", - делінген хабарламада.

Лауазымды қызметкер, құрылтайшы мен мердігер ұйымның директоры аса ірі көлемдегі пара бойынша күдікті ретінде ұсталып, Алматы облысының уақытқа оқшаулағышына қамалды. Оларға бұлтартпау шарасын белгілеу жөнінде шешім қаралуда. Қазір осы іске байланысты тергеу жүріп жатыр. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу