Алматы облысында қатардағы сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

955

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматы облысында қатардағы сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Ұзынағашта (Алматы облысы) N 28237 әскери бөліміндегі шұғыл әскери қызметтің қатардағы сарбазы Ұласбек Қожан көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылы Астанадан шақырту арқылы қатарға алынған сарбаз Ұласбек Қожан 23 қаңтарда, шамамен 01:35 шамасында ішкі қарауылда қызмет ету кезінде, бекітіліп берілген қарудан өзінің басына оқ атып, алған жарақаттан көз жұмды", – дейді ақпарат көзінен.

Аталған оқиғаға қатысты әскери-тергеу басқармасы істі тергеуге дейінгі біріңғай реестрге тіркеді. Мән-жай анықталу үстінде

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу