Алматы облысында қатты жауын-шашыннан су тасуы мүмкін

164

Алматы қаласының іргелес аумақтарында еңіс ағынының қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Алматы облысында қатты жауын-шашыннан су тасуы мүмкін Фото: ernur.kz

ТЖД 2024 жылғы 5-7 шілде аралығындағы қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының тауларында су тасып, сол маңдағы елдімекендерді су басу қаупі барын ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

2024 жылғы 04 шілдедегі "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуіне сәйкес, 5-7 шілде аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында еңіс ағынының қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың тасуы мен су басу қаупі жоғары.

Синоптиктер қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің жайылма учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу