Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

94

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Фото: instagram/police_almobl

Алматы облысында бопсалау және қарақшылық жасады деген күдікпен бір топ адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 16-сынан 17 сәуірге қараған түні Талғар ауданында күдіктілер 28 жастағы азаматты алдын ала жоспар бойынша адам аз жүретін жерге алдап шақырған.

"Кейін пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы дене жарақатын келтіріп, таулы аймаққа күштеп алып кеткен. Олар жәбірленушіні құқық қорғау органдарына оның заңсыз әрекеттері туралы жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен", – деп хабарлады Полиция департаменті. 

Сондай-ақ, құны шамамен 17 миллион теңге болатын автокөлігін кепіл ретінде алып қойған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу