Алматы облысында классикалық ат спортынан жарыс өтті

881

Алматы облысында классикалық ат спортынан жарыс өтті

Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін классикалық ат спорты түрлері елімізде енді ғана дамып келеді. Алматы облысы Ақбұлақ шатқалында конкурден ел президентінің кубогы жолындағы жарыс өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің спортшылары қатысып жатқан сынның 2 кезеңдік қортындысы бойынша өзбектер алда келеді. Камира есімді сәйгүлікті тізгіндеген Ақыл Сабыржанов кедергілердің барлығынан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанса, оның отандастары Үміт Камилов екінші, Ринат Галимов үшінші орынға иелік етті. Ресейлік Наталья Шилованың да алғашқы сайыста бағы жанды. Командалық жарыста мықтылар анықталды. Александр Тишков бастаған Қазақстан құрамасы қырғыздарды алға жіберіп, екінші орыннан көрінсе, өзбектер қола жүлдені қанағат тұтты. Осы жарыста топ жарған командалар әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу