Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында қойма өртенгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді.
"Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануы орын алды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", — делінген ақпаратта.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу