Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

178

Өңірде көкөніс пен жемістерді терең өңдеуге арналған заманауи зауыт салу бойынша жаңа инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды Фото: canva

Жоба аясында көкөніс пен жемістерді өңдеу саласындағы Түркияның ең ірі компанияларының бірі – Göknur Gıda компаниясымен Off-take келісімшарты жасалды. Серіктес кәсіпорынның алма шырыны концентратын және басқа да өнімдерін экспорттау бойынша стратегиялық оператор қызметін атқарады.

"Бұл келісім ұзақ мерзімді кепілді өткізу нарығын қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына шығуына кең мүмкіндіктер ашады", – делінген хабарламада.

Өңдеу қуаттарын дамыту жүйелі әсерге де ие: жаңа зауыт бәсекеге қабілетті нарықтың қалыптасуына, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ел ішінде жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге ықпал етеді.

Жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу