Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

103

15 қыркүйек күні таңертең Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді.  

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алатау қаласы Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар жанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство атап өткендей, қазір өртті сөндіру, жерді қалпына келтіру және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады, – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел авариялық қызмет және полиция қызметкерлері қатысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу