Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

1000

Өрт түні бойы сөндірілді. Алайда толық ауыздықталған жоқ.   

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 қоқыс тасушы көлік жұмыс істеп жатыр", – деп жазылған хабарламада. 

Өрт 3 гектар аумақты шалған. Ал жалпы қоқыс полигонының аумағы 38 гектарды құрайды.

"Өрт орнында үздіксіз су берілуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 10 маусымда сағат 14:00 шамасында Алматы облысын Іле ауданындағы "Алматы-Өскемен" тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шыққан болатын. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу