Алматы облысында қоқыстан шыққан өрт әлі сөндірілген жоқ

149

Қызыл жалын екінші күн қатарынан тоқтамай тұр.  

Алматы облысында қоқыстан шыққан өрт әлі сөндірілген жоқ Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда жеке учаскелерде 10 метр тереңдікке дейін бықсып жанып жатқан жерлер анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы, полковник Дәурен Оразбековтің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Өрт ошақтарын сөндіру үшін инертті материалдар қолданылып, полигон аумағы арнайы соқамен жыртылды.

Сөндіру жұмыстары 7 учаскеде жүргізіліп жатыр. Бағыты қайта-қайта өзгеретін желден өртті өшіру қиындап тұр.

"Өртті сөндіру жұмыстарына Алматы облысы, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, "Қазселденқорғау" және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің 120-ға жуық адамы мен 60-тан астам техникасы жұмылдырылды", – деп жазды ТЖД.

Суды үздіксіз жеткізу үшін Тереңқара өзеніне сорғы көлік орнатылып, диаметрі 77 мм болатын 70 су желісі жүргізілді. Оған 6 техника жұмылдырылды.

Өрттің жақын маңдағы аумақтарға таралу қаупі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу