Алматы облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

932

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2 шілдеде, күндізгі сағат бір мен екі шамасында Райымбек ауданында болған. "Кеген-Нарынқол" тас жолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан  5 адам  қаза тапты.

"Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған факті Алматы облыстық Анықтау басқармасының  өндірісінде", - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу