Алматы облысында көлікті тізгіндеген оқушы жолда қызды қағып кетті

819

Кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылды.

Алматы облысында көлікті тізгіндеген оқушы жолда қызды қағып кетті Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысында жол талғамайтын көлік тізгіндеген бозбала жолда қызды қағып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ақ кросовердің үйдің қақпасынан шығып, жол шетінде кетіп бара жатқан оқушы қызды қаққан видеосы тарады. Көлік тоқтаған сәтте оның ішінен бір топ оқушының түскенін көреміз.

Облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде көліктің кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен видеосы анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер көліктің жүргізушісі мен иесін анықтады. Зардап шегуші дәрігерлерге қаралып, дене жарақатының жоқтығына байланысты үйіне жіберілді. Көлік иесінің кәмелетке толмаған ұлы көлік жүргізгені анықталды", - делінген хабарламада.

Полицейлер атап өткендей, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылған.

"Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік иесімен және оның ұлымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп толықтырды полиция департаментіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу