Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеменің бұрынғы бастығының орынбасары Серік Арыстанов ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты inform.kz агенттігіне сілтеме жасап.
– Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша, яғни сотталған адамдардан бірнеше рет пара алу фактілері бойынша күдікке ілінген, – деп хабарлады ведомство Kazinform агенттігі тілшісіне.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты таңдады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Прокуратура ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.