7 наурыз күні Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Колония басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу