Алматы облысында колония бастығының орынбасары қызметінен кетті

480

Алматы облысында колониялардың бірінің бастығының орынбасары қызметінен кетті, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. 

Алматы облысында колония бастығының орынбасары қызметінен кетті Фото: almaty tv
>Әлеуметтік желілерде өңірдегі колониялардың бірінде заңсыз кездесулер туралы ақпарат тараған. 
 
Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті бұл дерек бойынша жүргізген қызметтік тергеу барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. 
 
"Колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытты. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары сотталғанды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырды. Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған. Бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталмады", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Нәтижесінде мекеме бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Бірқатар басқа да қызметкерлер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу