Алматы облысында колониядағы 12 тұтқын азаптау көргенін айтып, арызданған

982

Сотталғандардың туыстары мен адвокат колониядағы жаппай азаптау туралы айтты.

Алматы облысында колониядағы 12 тұтқын азаптау көргенін айтып, арызданған

Адвокат Гүлнар Жуаспаева Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/14 түзету мекемесінде отырғандар жаппай азаптау көргендігін айтады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/14 ҚАЖК мекемесінде болып жатқан жағдай жайлы білдіргіміз келеді. Маған 12 сотталған адам азаптау көргенін айтты, олар дене жарақатын алған. Оның үшеуі медициналық-санитарлық бөлімге түскен", – деді Гүлнар Жуаспаева Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.  

Оның сөзінше, шағымданған барлық тұтқындар мен олардың туыстары азаптау туралы арыз жазған. Сонымен қатар адвокат азаптауға қатысқан мекеме қызметкерлерінің есімдері мен лауазымдарын анықтау мүмкін болғанын айтты. 

"Қазақстандық сотталғандар адам құқығы бойынша халықаралық бюроға және коалицияға шағымданғаннан кейін, бас прокурорға азаптауға қатысты қылмыстық іс қозғауға арыз жазған. Аталған өтініш тіркелген, бірақ ол бойынша қандай шаралар қабылданғанын, неге тергеу тобы құрылмағанын, тергеуші тағайындалмағанын білмейміз", – деді адвокат.   

Еске салар болсақ, сәуір айында әлеуметтік желілерде Заречный кентіндегі ЛА-155/14 мекемесіндегі тәртіпсіздік туралы ақпарат тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу