Алматы облысында колониядан сотталушы қашып кетті

581

Биыл 12 мамырда сотталушы Г. №10 мекемесінен қашып кеткен.

Алматы облысында колониядан сотталушы қашып кетті Фото: google.com

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД биыл 12 мамырда сотталушы Г. №10 мекемесінен қашып кеткені (қауіпсіздігі орташа) туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жедел іздестіру шаралары барысында сотталушы мекеменің іргелес аумағында ұсталды. Бұл дерек ақпараттық кітапқа тіркеліп, Алматы облысы Іле аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды", - деді Алматы облысы ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

"Тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнама бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу