Алматы облысында "Kolsay CBT Workshop 2021" семинары өтті

1609

 "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Алматы облысының туризм басқармасы Қазақстандық туризм ассоциациямен бірлесіп "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде турист қабылдайтын үйлер иелері үшін алғашқы практикалық семинар өткізді.  

Алматы облысында "Kolsay CBT Workshop 2021" семинары өтті

Үш күндік іс-шара шеңберінде қазақстандық туроператорлар мен басқа өңірлерден келген турист қабылдайтын үйлердің иелері үшін ақпараттық тур, ауылдарда тамақтандыруды ұйымдастыру, қолөнершілік және туризмді тұрақты дамыту бойынша оқыту тренингтері мен семинарлар өтті.

Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Рашида Шайкенова: "Қазақстан биыл CBT туризмінің бағыты ретінде Lonely Planet ірі халықаралық басылымы бойынша үздік дестинациялары тізіміне енді. Яғни, біздің елімізде, дәлірек айтсақ, Көлсай мен Алматы облысының басқа бөліктерінде әлемдегі ең жақсы қонақ үйлердің бірі бар".

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жақында қабылданған туризм саласындағы мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндіру бойынша жергілікті қоғамдастықпен кездесуі өтті.

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдос Сәкенов: "Туристік объектілерді салуға немесе қайта жаңартуға, туристік көлік сатып алуға, жол бойындағы сервис объектілерін салуға және оларды күтіп-ұстауға, туристік алымды әкімшілендіруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады деп жоспарлануда. Бұл шаралар 2022 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді".

Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева: "Алматы облысы елімізде экотуризмді дамыту, соның ішінде турист қабылдайтын үйлер саны бойынша көшбасшы болды. Бұл көп жылғы еңбектің, жергілікті халықты үздіксіз оқытудың және өңірдің ойластырылған стратегиясының нәтижесі. Қабылданған қолдау шаралары біздің саланы жаңа сапалы деңгейге шығаруға көмектеседі".

Қазіргі уақыттың үрдісттеріне сәйкес, экотуризм бүкіл әлемде туризмнің басым түріне айналды, ол әлемдік ағынның 30% құрайды. Қазақстанда да экотуристер үлесінің ұлғаюы байқалады. Барлық ішкі туристік ағынның шамамен 20%-ы ұлттық парктерге тиесілі.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы: "Көлсай көлдері" ұлттық паркі, атап айтқанда Саты ауылы, бұл жергілікті халықтың туристерден экономикалық, әлеуметтік және өзге де нақты пайда ала отырып, туризмді дамытуға қалай тартылуы мүмкін екендігінің айқын мысалы. Біз туризмнің осы түрін танымал етуге және Саты тәжірибесін бүкіл Қазақстанға көрсеткіміз келеді".

Бір қызығы, екі жыл бұрын Саты ауылында барлығы 53 турист қабылдайтын үй жұмыс істеді, ал қазір олардың саны 81-ге жетті. Қонақ үйлер саны да өсуде, егер 2019 жылы мұнда 8 нысан болса, биыл 29 қонақ үй жұмыс істейді.

Биыл еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі, осыған дәл Саты ауылында Kolsay CBT Workshop іс-шара аясында 23 нөмірлі 30-шы қонақ үйдің салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар, қайта құру мен кеңейтуден кейін 160 орындық эко-қонақ үй ашылды.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде пакеттелген туристік ұсыныстарды орналастыруға арналған "Forte Travel" мобильді қосымшасы таныстырылды. Турбизнес өкілдері атап өткендей, мұндай құрал халықтың жоспарланған демалыс мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараға бизнес-қоғамдастықтан басқа "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының салалық туризм басқармаларының өкілдері қатысты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу