Алматы облысында коммуналдық қызметтердің тарифы төмендеді

1092

Бұл бағытта "Қапшағай жылу" мемлекеттік коммуналдық мекемесі көш бастап тұр. 

Алматы облысында коммуналдық қызметтердің тарифы төмендеді

Алматы облысында табиғи монополия суъектілерінің 2017 жылғы тарифтік сметаны немесе инвестициялық бағдарламаны орындау есептерін қарастыру бойынша 57 суъектінің тарифы төмендетілді. Ол үшін 1,7 млрд теңге уақытша өтемдік төлемақы төленбек.

"Бұл сома осы бір жылда коммуналдық қызметтердің тарифын төмендету арқылы тұрғындарға қайтарылады", – дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы Айжан Сәрсенбайқызы.

Аталған департаменттің ақпаратына сенсек, бұл бағытта "Қапшағай жылу" мемлекеттік коммуналдық мекемесі көш бастап тұр. Олар қосымша құн салығын қоса есептегенде 1 Гкал жылудың құнын 19,4%-ға, 3730 теңгеден 3008 теңгеге, ыстық судың тарифын 23,9%-ға, 333,85 теңгеден 253,97 теңгеге арзандатқан. Ал, облыс орталығы Талдықорған қаласы тарифты 10%-ға дейін төмендетті. Мысалы, қаланы жылумен қамтамасыз ететін "Талдықорғанжылусервис" мекемесі 1 Гкал жылудың құнын 2772 теңгеден 2513 теңгеге төмендетті. Осыған дейін талдықорғандықтар бір текше метр ыстық суға  207,53 теңге төлеп келсе, енді 186,78 теңге шығындайды. Бір текше метр суық судың құны 67,66 теңгеден 61,37 теңгеге арзандады. Жарықты көп пайдаланатындар үшін де жағымды жаңалық бар. Бұрынғы жылы 1кВт/сағатқа 16,39 теңге жұмсап келген тұрғындар енді 14,68 теңге төлейді, құны 1, 71 теңгеге арзандады.

Бірақ, жұрт коммуналдық қызметтер тарифының неліктен арзандағанын білмей дал. Оның үстіне: "Жарық, жылу, электр енергиясын өндіруші кәсіпорындар шаш етектен шығынға батпай ма?" деген сұрақтың жаубын табуға тырысып көріп едік:

"Елбасының тапсырмасымен елімізде коммуналдық қызметтердің тарифын төмендету қолға алынды. Оның үстіне энергетика министрілігінің электр қуатын өндіруші ұйымдардың тарифын арзандату және тауарлы газдың көтерме нарықтағы бағасын Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындарына 17 пайыздан аса түсіру керек деген бұйрығы басшылыққа алынды", – деп қана жауап қайырды Айжан Сәрсенбайқызы.

Төмендетілген тариф бойынша төлем жасау тек осы жылдың 1 қаңтарынан басталған шығындарды өтеуге бағытталады. Өткен жылдың төлемі сол жылдың бекітілген нормасы бойынша  есептеледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу