Алматы облысында Қонаев академиялық қалашығы салынады

382

Қалашық аумағына еліміздің төрт университеті көшіріледі.

Алматы облысында Қонаев академиялық қалашығы салынады Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы облысында Қонаев академиялық қалашығы салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

31 тамызда Қонаев қаласында Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, "Qonayev Academic Campus" Fund" комерциялық емес ұйымы басшылықтарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Өзара ынтымақтастық туралы" үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Аталған құжатқа облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, министр С.Нұрбек және Қордың директоры Ж.Рахмани қол қойды.

Бұл уағдаластыққа ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қонаев қаласында "Қонаев академиялық қалашығын" салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізіліп отыр.

Келісім шеңберінде Қалашық аумағына 2023-2024 жылдарда толық инфрақұрылым жүргізу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржылар тарту арқылы 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін көшіру (1-кезеңде) және шетелдік төрт университетті ашу (2-кезеңде), ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу, жұмыстары атқарылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу