Алматы облысында коронавирус індетін алдын алудың 10 нақты бағыты белгіленді

1491

Облыс бойынша коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін 150 жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын дайын. 

Алматы облысында коронавирус індетін алдын алудың 10 нақты бағыты белгіленді

Өңір басшысының тапсырмасымен коронавирус індетін алдын алудың 10 нақты бағыты белгіленді. Облыс бойынша коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін 150 жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын дайын. Одан бөлек індетті жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін тағы 800 орындық провизорлық және 1217 карантиндік обсервациялық  төсек-орын дайындалған. Медицина мекемелері күшейтілген  тәртіпте дайындық жұмыстарын атқаруда. Мамандардың айтуынша, қажет болған жағдайда жатын орын саны ұлғайтылады.

Бұдан бөлек  Алматы қаласының айналасында 16, Талдықорғанға кіреберісте 4 санитарлық бекет жұмыстарын жалғастыруда. Облыстың басқа аудан қалаларында да бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, азық-түлік бағасы бақылауға алынған. Облыстың тұрақтандыру қорында қазіргі азық-түлік тауарлары  екі жарым мыңға жуық  тоннаны құрайды. Тұрақтандыру қорында бір келі ұнның бағасы 90 теңге, қанттың келісі 180 теңге, картоп 80, пияздың бір келісі 65 теңгеге бағаланған. Індеттің алдын алуға ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетуін бастады. Мәселен,  Алматы облысында "Біз біргеміз"  акциясы аясында 600 ге жуық  отбасына жалпы құны 8 млн теңгенің көмегі  көрсетілген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу