Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

758

Жаңадан тіркелген науқас жақында ғана ауруханаға жатып шыққан екен.

Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны. Бұл өңірде тіркелген жетінші жағдай.

Облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған.

29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың вирус жұқтырғаны анықталыпты.

Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам қазір провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу