Алматы облысында көшеде кетіп бара жатқан жігітті соққыға жыққан екі адам ұсталды

144

Екі күдікті ұсталды.  

Алматы облысында көшеде кетіп бара жатқан жігітті соққыға жыққан екі адам ұсталды Фото: t.me/qumash_kz

Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында бір топ адам көшеде өтіп бара жатқан жігітті соққыға жыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде тарады. Зардап шеккен жігіттің сөзінше, ол үйіне бара жатқан. Бір топ адамның жанынан өтіп бара жатқан кезде бір адам оны түртіп өткен. Жәбірленуші ескерту жасаған. Кейін жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Екі күдікті ұсталды. Оқиғаға қатысы бар басқа адамдар анықталып  жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу