Алматы облысында Көшпенділер қалашығына жол салынады

223

Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында Көшпенділер қалашығына жол салынады Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

"Былтыр Көшпенділер қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады", – деді бөлім басшысы. 

Сонымен қатар Бағдат Алиев былтырғы жылғы атқарылған жұмыстармен бөлісті. 
Жолаушылар тасымалы бойынша: 

• 9 маршрут бойынша 28 дана қоғамдық көлік қатынауда. Оның 2-уі былтыр сатып алынды. Биыл автобус паркі жаңа 5 көлікпен толықтырылады деп жоспарланған;
• Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн. теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады. 

Автомобиль жолдары: 

• Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85%-ға жетті;
• 22 көшеде шұңқырларды жабу, 9 көшеге ағымдағы жөндеу жасалды;
• 8-10-шы шағынаудандар жолын күрделі жөндеу басталды;
• "Morelux" демалыс орнына апаратын Речников көшесі ағымдағы жөндеуден өтті;
• Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 700 дана жол белгісі орнатылды, 2000-ға жуық жол белгілерінің тірегі боялды және 200 шаршы метр жасанды жол дөңес орнатылды;
• 34 жаңа аялдама қойылды. 

Ал Кешенді даму жоспары аясында 16 жобаның құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу