Алматы облысында қосымша шектеулер енгізіледі

1010

Өңірде эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин күшейтілді. 

Алматы облысында қосымша шектеулер енгізіледі

Аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес енді Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін жерлеріне санитарлық бекеттер орнатылады. 

6 қарашадан бастап онда полицейлер мен медицина қызметкерлері бақылауды күшейтеді. Олар өңірден шығып бара жатқан немесе облысқа бет алған жолаушылар мен жүргізушілердің дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізеді. 

Қаулыға сәйкес облыста 50 орыннан асатын  мейрамханалар мен фудкорттардың қызметіне шектеу қойылды. 

Бұған қоса өңірде мектепке дейінгі даярлық мекемелерінің жұмысы тоқтатылады. Бірақ 15 баладан аспайтын кезекші топтардың қызметіне рұқсат етіледі. 
Жолаушылар тасымалдайтын автобустар да арнайы кестеге сәйкес қатынайды. Өңірде бір отбасының мүшелерін қоспағанда үш адамнан артық топ болып жүруге тыйым салынған. Сондай-ақ жасы 65-тен асқан қарияларға сыртқа шығуға шектеу қойылды. 

"Қаулы 6 қараша сағат 7:00-ден бастап күшіне енеді", – деп жазылған құжатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу