Күйеуін өлтірді деген күдікпен 52 жастағы әйел ұсталды

986

Бүгінгі таңда ұсталған әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Күйеуін өлтірді деген күдікпен 52 жастағы әйел ұсталды

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен 52 жастағы әйел адам қамаққа алынды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға Талғар ауданында орын алды. 8-қазанға қараған түні Бесағаш ауылындағы үйлердің бірінен 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары кісі өліміне қатысы туралы дәлелдермен күдікті ретінде марқұмның азаматтық некеде тұрған әйелін ұстады.

"Бүгінгі таңда ұсталған әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оқиға ішімдік ішу барысында туындаған жанжал салдарынан орын алған. Асүй пышағы қылмыс құралы болып тергеу материалдарына тіркелді және айғақзат ретінде тәркіленді",- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізілуде. Бұл іс қазіргі уақытта Талғар ауданы полицейлерінің тексеруінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу