Алматы облысында құлаған ұшақтың иесі сертификатынан айырылды

751

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті "НАК КАЗАВИА" ЖШС-інің авиациялық жұмыстарды орындау сертификатын қайтарып алуға шешім қабылдады.

Алматы облысында құлаған ұшақтың иесі сертификатынан айырылды

ИДМ азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін бұзған авиакомпанияның жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

2017 жылдың жазында Алматы облысында орын алған Як-12 ұшақ апаты тергеуінің қорытындысы бойынша ұшақты әуе кемесінің командирі мас күйінде (1.19 промилле) басқарғаны дәлелденгендіктен, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті 2018 жылдың 25 тамызынан бастап,"НАК КАЗАВИА" ЖШС-інің авиациялық жұмыстарды орындау сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдады.
Жоғарыда аталған жайт "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациядағы медициналық сараптама мен тексеру қағидалары" атты №324 бұйрығының 58-тармағын, "Азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары үшін сертификаттау талаптарын бекіту туралы" №153 бұйрығының 2 параграфтың 8 тармағының 3 тармақшасының сертификаттау талаптарын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 16-3-бабының 5-тармағын өрескел бұзу болып табылады.
Енді "НАК КАЗАВИА" ЖШС-і 2018 жылдың 25 тамызына дейін өз қызметкерлері алдындағы қарыздарын және салық органдары алдындағы төлемдерін өтеуді қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар, сертификатты қайтарып алу туралы хабарламаны алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде пайдалану ерекшеліктері бар әуе жұмыстарын орындауға берілген куәліктің түпнұсқасын азаматтық авиациядағы уәкілетті органға қайтаруы қажет. 
Айта кетсек, Як-12 ұшағы 2017 жылдың 27 шілдесі күні Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылының маңында құлаған болатын. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу