Алматы облысында құны 1,3 млрд теңге болатын заңсыз темекі сақталған қойма табылды

358

Төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайды.

Алматы облысында құны 1,3 млрд теңге болатын заңсыз темекі сақталған қойма табылды Фото: elements.envato.com

Акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойма ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу