"Мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мамандандырылған халықаралық AgriGo компаниясы шошқа өсіру кешенін құру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның құны 112 млн еуроға бағалануда", – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпарында.
Ведомство ақпарынан кешен құрылысы үшін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жалпы ауданы 100 га жер учаскесі белгіленгені мәлім болды.
"Қазіргі уақытта "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-дан қаржы алуға қажетті рәсімдерден өту бойынша жұмыс жүргізілуде",– деп қорытындылады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
AgriGo – дайын және модульдік кешендерді ұсыну бойынша өндіруші және қосалқы мердігер. Компанияның қызметі құс өсіру, шошқа өсіру, сүтті және етті бағыттағы ірі қара өсіру, сүт өнімдері мен балық өсіруге бағытталған.