Алматы облысында құны 5,5 млрд теңге болатын жылыжай кешені іске қосылды

802

Қарасай ауданында голландиялық технологиямен салынған ірі жылыжай кешені іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысында құны 5,5 млрд теңге болатын жылыжай кешені іске қосылды

Жаңа жылыжай "Eurasian Green Product" компаниясына тиесілі. Онда қызанақ өсіріледі. Жобаның құны – 5,5 млрд теңге.

"Қазіргі таңда кешеннің өндірістік қуаты – жылына шамамен 2 мың тонна өнім. Алдағы уақытта өндірісті жыл сайын 4 мың тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр", - деп жазылған Kazakh Invest таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша ұлттық компанияның аймақтық директоры Дарья Овсянникова айтуынша, инвесторлар жылыжай кешенінің құрылысына арналған жабдықты әкелу кезінде кедендік баж салығынан босатылған.

"Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында 2021-2022 жылдары қияр өсіру үшін 5 га алаңда тағы бір жылыжай кешені салынады. Үшінші кезеңде инвестор 17 га алаңда түрік технологиясы бойынша көкөністер мен жемістер қоймасын салуды жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.

Жылыжай кешені 100-ден аса жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аудан бюджетіне жыл сайын шамамен 100 млн теңге түсім түседі деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу