Алматы облысында қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр

862

Өртті сөндіруге 100-ге жуық адам мен арнайы техникалар жұмылдырылған. 

Алматы облысында қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр

Алматы облысындағы тау бөктерінде қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Ескелді ауданы Корин шатқалындағы Талдықорған орманшылығы аумағы өртенгені туралы хабар 15:19-да келіп түскен.

Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері мен арнайы техника жіберіліп, аэровизуалды ұшу жүргізілді. Осылайша шамамен 20 га жер өртеніп жатқаны анықталған.

Сейсенбі таңғы сағат 09:30-дағы мәліметке сәйкес, шатқалды қою қара түтін басқан. "Қазавиақұтқару" тікұшағы өртке су шашты. 

"Жақын маңдағы аудандық бөлімше қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды.
Штаб ұйымдастырылып, байланыста болу үшін арнайы көлік, ал аэровизуалды бақылау жүргізу үшін дроны бар жедел топ оқиға орнына жіберілді", –  деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге 100-ге жуық адам мен 10-нан аса арнайы техника жұмылдырылған.

"Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнына ең жақын елдімекен – Текелі қаласы. Ол 17 шақырым жерде орналасқан", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу