Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртенген

510

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.  

Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртенген Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Нұрлы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде, Іле өзенінің маңындағы ашық аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, батпақты әрі жетуі қиын жер бедеріне, сондай-ақ өрт ошағына апаратын жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады.  

"Өрт сөндіру және ауыр техниканың өрт ошағына жетуін қамтамасыз ету үшін кірме жол салынды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, Шелек орман шаруашылығының мамандары және "Қазавиаспас" АҚ тікұшақтарының экипаждары жұмыс істеді. Өртті сөндіруге барлығы 90-ға жуық адам, 30-дан астам бірлік жерүсті техникасы және "Қазавиаспас" АҚ екі тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемелері 55 рет су төкті", – делінген хабарламада.

110 гектар аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу