Алматы облысында құрылыс базары өртенді

1634

Алматы облысында құрылыс базары өртенді

Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылында "Ащыбұлақ" құрылыс базары өртенді. Өрт туралы қоңырау өртке қарсы қызметке 04:43-те түскен. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды Интеракс-Қазақстан.

"Құрылыс материалдары бар 43 контейнер өртенді, жалын шарпыған аумақ  1400 шаршы метрге жетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ", - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу