Алматы облысында құс етін өндіретін ірі зауыт жұмысын бастады

611

33,5 милилард теңге инвестиция, 400 жұмыс орны. Алматы облысында құс етін өндірумен және өңдеумен айналысатын ірі зауыт өз жұмысын бастады. 

Алматы облысында құс етін өндіретін ірі зауыт жұмысын бастады

Яғни, 115 мыңнан аса жұмыртқаның алғақшы партиясы инкубацияға кірігізілді. Дайын өнім келесі жылдың алғашқы тоқсанында дүкен сөрелеріне шығады. 

Бұл елімізідегі ең ірі құс шаруашылығының бірі. Кешеннің құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Енді міне, жұмыртқаның алғашқы партиясы әкелінді. Жоба үш кезеңмен іске асырылады. Алғашқысында құрама жем зауыты, 24 құс үйі, инкубатор, тазарту қондырғылары, құс сою, шұжық цехы бой көтерді. Қазіргі уақытта инкубатор мен бройлерді бордақылау алаңдары толығымен жұмыс істеуге дайын.

"Бұл жоба "KazakhExport" және RBK банкінің қолдауының арқасында жүзеге асты. Құс кешені құрылысының бірінші кезегі салынып, пайдалануға берілді. Зауыт толықтай іске қосылғанда жылына 70 мың тонна ет өндіруге қауқарлы", деді "Прима Кус" ЖШС акционері Александр Гарбер.

Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан жобаның алғашқы кезеңінің инвестициялық құны 33,5 млрд теңге. Экспортқа бағытталған кәсіпорынның ашылуына "KazakhExport" ұлттық экспорттық компаниясы қолдау көрсетті. 

"KazakhExport" несие сақтандыру құралы бойынша қолдайтын соммасы 27 млрд теңге құрайды. Құс етінің өнімдері, жартылай дайын өнімдер, қосалқы өнімдердің Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай нарықтарына экспорттау жоспарлануда", деді "KazakhExport" ЭСК" АҚ Бас менеджері Тимур Қуаныш. 

Мұндай жобалар өңірге де тың серпін беретіні сөзсіз. Өйткені, Ұйғыр ауданында ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жетерлік. Оған қоса, жаңа жұмыс орны тағы бар. 

"Әрине, "Прима Кус" жобасы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына күшті серпін береді деп біз күтеміз. Бірінші кезекте жаңа жұмыс орындары ашылады. Бірінші кезеңде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады, үш кезең біткеннен кейін жаңа жұмыс орындары ашылады", деді Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов. 

Айта кету керек, мұнда өндірілген құс етінің бір бөлігі ішкі нарыққа жіберілсе, бір бөлігі экспортталады. Кәсіпорынның екінші кезеңін іске асыру келесі жылы басталмақ. 

Арнат Дүйсен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу