Алматы облысында қызды өлтіріп, өртеп жібергендер ұсталды

915

2005 жылы туған қыз бала 24 мамырда жоғалып кеткен. Оның анасы полицияға 27 мамырда арызбен жүгінген.

Алматы облысында қызды өлтіріп, өртеп жібергендер ұсталды

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін тұлғаларды анықтайтын жедел-тергеу тобы құрылды.

Күдіктілер 1992 жылы туған Алматы облысының тұрғындары К. және 2001 жылы туған Б. марқұм оларды жоғалған күні көшеде кездестірген.

Олар қызбаланы өлтіргенін мойындап, оның денесін жасырған жерін көрсетті.

Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп, Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерге апарған. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан әрі тергеуді Алматы облысының полиция департаменті жүргізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу