Алматы облысында қызметкерлерге жалпы сомасы 223 млн теңге жалақы төленбей келген

322

Прокуратура жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлеуге қол жеткізді.

Алматы облысында қызметкерлерге жалпы сомасы 223 млн теңге жалақы төленбей келген Фото: canva.com

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде талдау жүргізіп тұрады. Талдау барысында Алматы облысы бойынша "Ветеринариялық станция" ШЖҚ МКК ағымдағы жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні басшымен көрсеткен сома өтелді", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу