Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағандар сотталды

77

Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарын заңсыз аулауға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағандар сотталды Фото: Pixabay.com

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз аңшылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу