Алматы облысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 8:53 магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды сейсмологтарға сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".
ҚР БҒМ ғылым жөніндегі комитетінің тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы желісінің ақпараты бойынша жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан 276 шақырымда болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы –10,5, эпицентр кіндігі – солтүстік ендіктің 44.79 градусында, шығыс ұзындықтың 79.57 градусында байқалды. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағанасы бойынша сезілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу