Алматы облысында май шығару зауыты ашылды

1946

Зауыттың қуаттылығы – жылына 100 мың тонна өнім – 800-ден аса май түрлерін қамтиды.

Алматы облысында май шығару зауыты ашылды

ҚР премьер-Министрі Асқар Мамин "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен бірге Іле ауданында "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС майлау материалдарын шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Арнаулы сөзінде Үкімет басшысы Қазақстанда қазіргі дейін еліміздің көмірсутек секторына $9,5 млрд инвестиция салған "Лукойл" компаниясының зауытының ашылуы еліміздің мұнай-газ секторының дамуының қазіргі векторына, атап айтқанда, шикізаттық бағыттылықтан терең өңделетін өнім шығаруға көшуге сай келетінін айтты. 

Зауыттың қуаттылығы - жылына 100 мың тонна өнім – 800-ден аса май түрлерін қамтиды. Өндіріс Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ, Қытай, Ауғанстан және Моңғолияның ішкі нарығын майлау майларымен қамтамасыз етуге арналған. Зауытқа "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік магистралінің жақын орналасуы логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу