Алматы облысында 41 ұсақ малды ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында ол көршілес шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істеп жүріп, бұл қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды.
"Иелері уақытша болмағанын пайдаланған күдікті малды ұрлап, алдын ала сатып алушымен келісім жасаған. Қылмысын тезірек жүзеге асыру үшін ол көлігі бұзылғанын айтып, алдап, сатып алушы малды тасымалдауға көмектессе, бағаны төмендетуге уәде берген. Ұрланған мал Жамбыл ауданындағы мал базарында сатылғаны белгілі болды", – деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу