Алматы облысында малды бақылау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

982

Әрбір GPS құрылғы үш таратқыштан және су өткізбейтін қарғыдан, сондай-ақ ұялы телефон арқылы бақылауға арналған қабылдағыштан тұрады.

Алматы облысында малды бақылау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Алматы облысында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның қолдауымен жалпы құны 700 мың доллар болатын ірі қара мал қозғалысын қадағалауға арналған құрылғыларды шығару бойынша GPS-пилоттық жоба өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореялық Lives'Talk және Samsung Electronics компаниясының әзірлеушілері Алматы облысындағы Кеген ауданында құрылғыларды тестулеу үшін 15 антенна орнатқан.

Әрбір GPS құрылғы үш таратқыштан және су өткізбейтін қарғыдан, сондай-ақ ұялы телефон арқылы бақылауға арналған қабылдағыштан тұрады. Құрылғы "Lora" мамандандырылған желісі арқылы интернетсіз жұмыс істейді. Әр жиынтығының құны 300 долларға дейін  жетеді. Жобаны іске қосу аясында алғашқы 50 жиынтық жергілікті фермерлерге тегін таратылды.

"Таулы аймақтарда интернет істемегендіктен, біздің өнімімізге ерекше сұраныс бар. Мәселен, орташа есеппен жылына 10%-ға дейін мал жоғалады. Бұл жүйе арқылы жоғалған малды тез табуға болады. Біздің құрылғылар қазіргі таңда Қазақстанда интернетсіз жұмыс істейтін жалғыз жүйе", - дейді Lives' Talk компаниясының бас директоры Юрий Йон.

Жоба пилоттық режимде биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс істейді деп жоспарлануда. Қабылдаған деректерді әзірлеушілер құрылғыны одан әрі жетілдіру үшін қолданады. Жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда Lives'Talk осы жабдықты Алматы облысында шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу