Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын бастады

1020

Олар дүйсенбі-жұма күндері ғана ашық болады. 

Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын бастады

Биыл 17 қаңтардан бастап Алматы облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

"Мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жабық болады", – деп жазылған хабарламада.

Қаңтардың басында төтенше жағдайға байланысты Қазақстанда барлық мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы уақытша тоқтатылған еді.

12 қаңтарда Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, елдің қалған өңірлерінде мамандандырылған орталықтар жұмысын бастаған.

14 қаңтарда Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-лары жұмыс істей бастады.

"Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-лар тек Жамбыл облысында жабық", – деп жазылған хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да көлікті онлайн режимде қайта рәсімдеуге болатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу