Алматы облысында медбикеге қастандық жасалды

561

Қылмысты жасады деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды

Алматы облысында медбикеге қастандық жасалды Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында жұмыс орнында медбикеге қастандық жасалды.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға сағат 17:00 шамасында болған. Алматы облысы Қарасай ауданының ауруханасына 45 жастағы әйел кеуде қуысы жарақатымен келіп түскен. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады.

"Факт ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабы бойынша аудандық полицияның ЕҚДБ-да тіркелді. Күдікті ретінде 42 жастағы ер адам - Кошмамбет ауылының тұрғыны ұсталды.  Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу іс-шаралары басталды. Ұсталған адамның айтуынша, кісі өлтіру жеке қарым-қатынас аясында болған", - делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу