Алматы облысында мемлекетаралық іздеу жарияланған екі шетелдік азамат қолға түсті

480

Ал 34 жастағы қазақстандық Қырғызстанда ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған. 

Алматы облысында мемлекетаралық іздеу жарияланған екі шетелдік азамат қолға түсті

Алматы облысында мемлекетаралық іздеу жарияланған екі шетелдік азамат қолға түсті, деп хабарлайды Алматы облысының ІІД.
Полицейлер соңғы тәулік ішінде өз мемлекетінде қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған Өзбекстан Республикасының қос азаматын Алматы облысының аумағында ұстады.
Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, екі азамат Өзбекстан тарапы жолдаған бағдарға сәйкес анықталып, Іле және Талғар аудандарында қамауға алынған.
"Талғарда Хорезм облысының құқық қорғаушылары іздеу жариялаған Өзбекстанның 44 жастағы азаматы ұсталды. Сондай-ақ, Іле ауданының аумағында Хива аудандық сотының шешімімен өзбек әріптестеріміз тарапынан іздестірілуші 24 жастағы жігіт қолға түсті. Ұсталған тұлғалар қамауға алынып, қылмыс жасаған орнына экстрадициялауды күтуде",- деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, полицейлер Алакөл ауданында Қырғыз Республикасының тәртіп сақшылары іздеу жариялаған 34 жастағы отандасымыздың шекаралас өзге мемлекетте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу