Алматы облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен азамат ұсталды

529

Ол шекарашыларға қарулы қарсылық көрсеткен. 

Алматы облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен азамат ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 тамыз күні кешке Іле-Алатау жотасының тау шатқалдарының бірінде болған, деп жазды inbusiness.kz. 

Кеген ауданының шекарашылары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдік азаматты ұстады.

Айта кететіні, аталған аудан Қытаймен шектеседі.

"Тәртіп бұзушы шекарашының тоқтау және құжаттарды көрсету туралы талабын айқайын естіп, аңшы мылтығынан әскерилерге оқ жаудырып, қарсылық көрсетіп, ізін жасыруға тырысқан", – деп жазылүан хабарламада.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ, олар шекараның таулы учаскесінде қызметін жалғастырды. Ұстау кезінде көрсеткен батылдық пен табандылықты ескере отырып, әскери қызметшілерді көтермелеу мәселесі шешілуде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу