Алматы облысында мерекеге орай бірнеше нысан ел игілігіне берілді

217

Тәуелсіздік күнін алматылықтар ерекше қарсы алды.

Алматы облысында мерекеге орай бірнеше нысан ел игілігіне берілді Фото: Алматы облысы әкімдігінен

Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысында барлығы 30-дан астам іс-шара өткізілді. Жоспарға сәйкес қолға алынған игі шараға 5000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақжолтай жаңалықтардың ішінде Райымбек ауданы Нарынқол ауылында Жастар ресурстық орталығының бой көтеруін ерекшелеп айтуға болады. Бұдан бөлек, Сарыбастау ауылында спорт кешені ашылып, өңір тұрғындарын қуанышқа бөледі. Дәл осындай игі іс Кеген ауданында да көрініс тапты. Бөлексаз ауылының тұрғындары енді өнер шараларын жаңа Мәдениет үйінде тамашалайды.

Тәуелсіздікке тарту мұнымен түгесілмейді. Жамбыл ауданы Үлгілі ауылында жаңа Мәдениет үйі жұмысын бастады. Ал, Ақтерек ауылы көгілдір отынға қосылып, бес отбасыға пәтер кілті тапсырылды. Бұл өңірде тұрғындарды қуантқан тағы бір жаңалық – Жамбыл ауылында көшелерге электр жарығы қосылуы болды.

Мерекеге орай Балқаш ауданында көптеген отбасына баспана кілті берілді. Жуық арада Талғар ауданының тұрғындарына да пәтер кілттерін табыстау жоспарланды. Сондай-ақ, аудан-қалаларда дөңгелек үстелдер, патриоттық акциялар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 15 және 16 желтоқсан күндері облыс аймағында көпбалалы отбасылар, қарттар, аз қамтылғандар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған 20-дан астам қайырымдылық акциясы, "Менің Елім – Менің Туым" тақырыбында акциялар, қоғамдық пікір көшбасшыларының, этнос өкілдерінің, депутаттар мен жастардың бейнеқұттықтаулары ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер арқылы таратылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу